Қостанай облысында бір апта ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2,5 мың дерегін анықтады
Қостанай облысында бір апта ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2,5 мың дерегін анықтады. Оның ішінде отыздан астам жағдайда жүргізушілер көлікті мас күйінде басқарған. Ал елуден астам адам жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған. Сонымен қатар жеті күн ішінде 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 адам түрлі дене жарақатын алды. Өңірдегі жол қауіпсіздігінің жай-күйі туралы полиция қызметкерлері толығырақ баяндады.




