Қостанай облысында бір апта ішінде 11 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қостанай облысында бір апта ішінде 11 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автокөліктердің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция қызметкерлері жол апаттарының негізгі себептері ретінде әлі де жол қозғалысы ережелерін елемеуді атап отыр. Өңірлік полиция департаментінің өкілдері бірқатар жол-көлік оқиғалары туралы толығырақ айтып, кімдердің және қандай құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.



