Қостанай облысында бұқаралық спортқа көңіл бөліне басталды
Қостанай облысында бұқаралық спортқа көңіл бөліне басталды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. Спорттық нысандардың бірі Қостанай қаласындағы Юбиленый шағын ауданында салынды. Бүгінде оның қызмет көрсетіп жатқанына 2 ай болды. Қазір онда гандбол, волейбол, баскетбол мен үстел тенисі сынды спорт түрлерінен үйірмелер өткізіліп, шағын аудан тұрғындары үшін тегін түрде жаттығу залы жұмыс жасайды. Нысан мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп, шынығуына да бейімделген.