Қостанай облысында алимент қарызы 4 млрд теңгеден асты
Қостанай облысында алимент қарызы 4 млрд теңгеден асты. Борышкердердің бала алдындағы қарызды өтеумеуінің басты себебі жұмыссыздық. Осыған байланысты кеше өңір бойынша бір мезетте алимент төлеушілерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – борышкерлерді тұрақты табыспен қамтып, қарызды өтеуге мүмкіндік жасау. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ұйымдар, заң саласының өкілдері және борышкерлердің жаңа мамандық игеруіне жағдай жасайтын колледж өкілдері қатысты.





