Қостанай облысында алаяқтық, өрт және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелді
Қостанай облысында алаяқтық, өрт және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелді. Бейімбет Майлин ауданындағы ауылдық өрт сөндірушілердің жедел әрекеті үлкен өрттің басқа нысандарға таралуына жол бермесе, Арқалықта жас жігіт пен оның туыстарын алдаған әйел 5 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденіп, сотталды. Ал жолда келе жатып телефон қолданған төрт мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.