Қостанай облысында алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді
Қостанай облысында алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді. Қостанай облысында өңірдің энергетикалық дамуы саласында тарихи оқиға орын алды,Б. Майлин ауданында 22,6 МВт қуатты алғашқы күн электр станциясы іске қосылды. Ол «Варваринское» АҚ компаниясы тарапынан салынды. Жоба Қазақстан Республикасының Президентінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ұлттық энергожүйеде «жасыл» энергия үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды.



