Қостанай облысында «ақ алтын» өндірісі еселенбек
Қостанай облысында «ақ алтын» өндірісі еселенбек. Биыл өңірде бес бірдей тауарлы сүт фермасы ашылады. Жобалар толық қуатына енгенде, аймақ жылына қосымша 31 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр. Сондай тауарлы сүт фермаларының бірі былтыр Федоров ауданында ашылды. Олар қазір алғашқы кезеңінде 600 бас ірі қара бағып отыр, ал зауыттың толық қуаты — 2400 бас.



