Қостанай облысында 72 сағат ішінде полиция 12 000 үйді тексерді
Қостанай облысында 72 сағат ішінде полиция 12 000 үйді тексерді.
Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғын секторындағы мәселелерді анықтау және халық үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Участок» атты профилактикалық іс-шара басталды.Аталған операция екі айға созылады. Осы уақыт аралығында құқық қорғау органдарының қызметкерлері өңір тұрғындарының барлығымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, олар азаматтарды қырағылық танытып, полицияға қолдау көрсетуге шақырады.