26.09.2026 07:00
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанай облысында 5200-ден астам түлек мектеппен қоштасты

  • 26 мая, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 11

Қостанай облысында 5200-ден астам түлек мектеппен қоштасты. Өңірдегі барлық білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты өтіп, 113 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Қимастық пен үміт алмасқан ерекше сәттің куәсін біздің түсірілім топ та бақылап қайтты. Салтанатты шаралардың бірі Сырбай Мәуленов атындағы гимназия мектебінде ұйымдастырылды. Мектеп бітіруші түлектер ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде білім ордасының ауласына жас көшеттер отырғызып, алтын ұяларымен қимай қоштасты.