Қостанай облысында №38 мекеме аумағында екі модульдік ғимарат салынып, іске қосылды
Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында №38 мекеме аумағында жалпы 900 шаршы метрді құрайтын екі модульдік ғимарат салынып, іске қосылды. Жаңа өндірістік алаңдарда үш ірі кәсіпорын жұмыс бастап, шамамен 150 сотталған адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.



