Қостанай облысында 2027 жылы аудандық және қалалық бюджеттерде елді мекендерді абаттандыруға бөлінетін қаражат көлемін арттыру жоспарланып отыр
Қостанай облысында 2027 жылы аудандық және қалалық бюджеттерде елді мекендерді абаттандыруға бөлінетін қаражат көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл — алдағы жылдың басым бағыттарының бірі. Сонымен қатар, облыс әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы WhatsApp топтарында тұрғындарға тұрақты түрде есеп беруді тапсырды. Әкімдік қызметкерлері азаматтармен кері байланысты үздіксіз қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша, өңір басшысы жергілікті жерлердегі жұмыстың нәтижесін тек есептер арқылы ғана емес, қала мен ауыл тұрғындарының нақты пікірлері мен бағалауы негізінде де сараламақ.



