Қостанай облысында 2023 жылдан бері тауарлы сүт фермаларының құрылысы қарқын алып жатыр
Қостанай облысында 2023 жылдан бері тауарлы сүт фермаларының құрылысы қарқын алып жатыр. Осы екі жылдың ішінде 12 жоба мемлекеттен қаржылай қолдау тапқан. Бұл шара облыстағы шикі сүт көлемін ұлғайтып, сүттен өнім өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруға ықпал етеді. Мәселен, қазіргі таңда өңірдегі кейбір кәсіпорындар жартылай ғана қуатында жұмыс істеп тұр.