29.05.2026 09:50
Қазақ Қазақ
USD 485.55
EUR 563.38
RUB 6.81
Жаңалықтар

Қостанай облысында 113 мыңға жуық оқушы үшін кезекті оқу жылы артта қалды

  • 29 мая, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 2

Қостанай облысында 113 мыңға жуық оқушы үшін кезекті оқу жылы артта қалды. Биыл аймақ мектептерінен бес мыңнан астам түлек ұшқалы отыр. Алайда, соңғы қоңырау соғылғанымен, мектеп қабырғасындағы жауапты кезең әлі аяқталған жоқ. Алда қорытынды емтихандар, ҰБТ және үш айлық жазғы демалыс тұр. Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты талаптар да күшейтілді. Алдағы шаралардың қалай ұйымдастырылатыны және балалардың жазғы қауіпсіздігі жайында Білім басқармасы арнайы брифингте мәлімдеді.