06.04.2026 09:47
Қазақ Қазақ
USD 470.46
EUR 543.1
RUB 5.86
Жаңалықтар

Қостанай облысында 100 миллиард теңгеге жуық қаржылық бұзушылық анықталды

  • 6 апреля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанай облысында 100 миллиард теңгеге жуық қаржылық бұзушылық анықталды. Бұл – Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру нәтижесі. Өңірде қаржылық тексеру қорытындыларына арналған арнайы кеңес өтті. Облыс әкімі анықталған қаржының тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленбеген субсидия қарыздары екенін айтты. Аймақ басшысының сөзінше, бюджеттік жоспарлаудағы бұзушылықтар, мәжбүрлі шара. Себебі ауыл тұрғындары су құбыры секілді инфрақұрылымдық жобаларды айлап күтіп отыра алмайды.