Қостанай облысы бойынша 40-тан астам нысан жекенің қолына өтпек
Қостанай облысы бойынша 40-тан астам нысан жекенің қолына өтпек. Тізімде облыстық балалар стоматологиясы, Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы, Рудный жылу желілері, Лисаковскоммунэнерго мен ветеринарлық станциялар бар. Бұл жұмыстар 2026-2030 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.



