Қостанай облысы Қазақстанда бірінші болып медицина саласына қатысты маңызды қадам жасады
Қостанай облысы Қазақстанда бірінші болып медицина саласына қатысты маңызды қадам жасады. Енді бұл өңірде көтерме жәрдемақыны тек дәрігерлер ғана емес, орта буын мен фармацевт қызметкерлері де алады. Мұнымен қоса, төлем сомасы айтарлықтай өсіп, міндетті өтеу мерзімі қысқарды. Жаңа ережелер ауылдық жердегі кадр тапшылығын жоюға бағытталған.



