Қостанай облысы аудандарының бірінің мәслихат депутаты сыбайлас жемқорлыққа күдікті
Қостанай облысындағы аудандардың бірінің мәслихат төрағасы мен депутаты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Өкілетті орган басшысы мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттағы заң бұзушылықтарға көз жұмып қалсын деп, мемлекеттік аудит қызметкерлеріне пара берген деген болжам бар. Бұған халық өкілдерінің бірі көмектескен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық комитеттің өкілі, анықталған заң бұзушылық туралы толығырақ айтып берді.