Қостанай облыстық балалар ауруханасында сырқаттанушыларға төсек-орын жетіспеуде
Науқас көп, бірақ орын жоқ. Қостанай облыстық балалар ауруханасында сырқаттанушыларға төсек-орын жетіспеуде. Жақын күндері ем алуға келушілер кезек күзетіп, орын босағанша дәлізде күтуге мәжбүр болған. Бұндай күрделі жағдай ауруханада мереке күндері туындаған. Себебі мейрам уақытында емханалар жұмыс жасамай, барлығы көмек алу үшін осы ауруханаға жүгінген екен. Балаларды емдеу мекемесіндегі қазіргі жағдай қандай?