07.07.2026 19:18
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Қостанай көшелерінде тазалық жұмыстары басталып кетті

  • 27 апреля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 6

Қостанай көшелерінде тазалық жұмыстары басталып кетті. Биыл қаланың жазғы күтіміне бюджеттен 3,4 миллиард теңге бағытталып отыр. Бүгінде шаһар аумағы алты секторға бөлініп, әр бөлікке жауапты мердігерлер бекітілген. Мәселен, қаланың шығыс бөлігіне «Конгламерат» серіктестігі жауапты. Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысшылары арнайы техниканың көмегімен жол жиектеріне үйіліп қалатын қоқысты тазартып, бордюрлерді әктеуге кіріскен.