20.04.2026 10:32
Қазақ Қазақ
USD 469.52
EUR 553.75
RUB 6.15
Жаңалықтар

Қостанай өңірлік университетінің студенттері Қазақстанда алғаш рет спорттық болидті құрастырды

  • 20 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Оқу аудиториясынан — үлкен автожарыс алаңына. Қостанай өңірлік университетінің студенттері Қазақстанда алғаш рет Formula Student халықаралық додасына арналған спорттық болидті өз қолдарымен құрастырды. Жобаны жүзеге асыруға екі жылға жуық уақыт кеткен. Енді жас инженерлер алғашқы жарыстарға қатысып, алдағы уақытта Еуропа деңгейінде бақ сынауды жоспарлап отыр.