Қостанай өңірінде ерекше форматтағы агрофестиваль өз жұмысын бастады
Қостанай өңірінде ерекше форматтағы агрофестиваль өз жұмысын бастады. Бұған дейін тек дәстүрлі көрме ретінде өткізіліп келген шара биылдан бастап заманауи бизнес пен ұлттық мәдениетті тоғыстырған үлкен мерекеге айналды. Облыс орталығына жақын аумақта ұйымдастырылған бұл шараға әлемнің 20-дан астам елінен жүзге жуық компания қатысып, озық технологияларын ұсынып жатыр.




