Қостанай ауданында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жазғы маусымы ресми түрде ашылды
Қостанай ауданында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жазғы маусымы ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға Тобыл қаласы мен Заречный және Мичурин ауылдық округтерінен 50 жасөспірім қатысты. Жастар аптасына бес күн бойы өз елді мекендерінің абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарымен айналысады. Бұл үшін оларға қаржы төленеді. Аталған бастама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.