Қостанай ауданында роботехникадан облыстық байқау өтті
Қостанай ауданында роботехникадан облыстық байқау өтті. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық оқушы жиналды. Олар компьютерлік бағдарламалау, роботехника, дрондарды басқару бойынша сынға түсті. Қатысушылар техникалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттері мен тың жобаларын ортаға салды. Жүзден жүйрік шыққандары халықаралық байқауға аттанады.



