Қостанай ауданында маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ
Қостанай ауданында азаматтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа өрт сөндіру бөлімі салу жоспарға енгізілді. Жаңа нысан қарқынды дамып келе жатқан «Астана-Байтерек» шағын аудандарында бой көтереді. Бұл шешім аталған аумақта тұрғындар санының артуымен және құрылыс көлемінің ұлғаюымен тікелей байланысты. Өрт сөндіру бөлімінің салынуы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, материалдық шығын мен адам өміріне төнетін қатерді азайтуға мүмкіндік береді.



