Қостанай ауданында көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні ерекше салтанатпен аталып өтті
Қостанай ауданында көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қоғамның әр саласында табанды еңбек етіп жүрген әйелдерге алғыс білдіріп, бірқатар нәзік жандыларға марапаттар да табысталды. Ал кештің шырайын ашқан басты тосынсый – қазақстандық танымал әнші Әли Оқаповтің өнер көрсетуі болды.





