Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылында ауыл мұғалімдеріне арналған ауқымды семинар-тренинг өтті
Ауыл мен қала мектептеріндегі білім алшақтығын жою – басты міндеттердің бірі. Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылында ауыл мұғалімдеріне арналған ауқымды семинар-тренинг өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру. Себебі ауылдағы ұстаздар кейде заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін қолдануда артта қалып жатады.



