Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылы тұрғындарының жүріп-тұруы қиындап отыр
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылы тұрғындарының жүріп-тұруы қиындап отыр. Себебі елді мекенге су құбырын тартқан мердігер қазған жерлерін дұрыс тегістемей, көшелерді саз балшыққа толтырып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы мен тұрғындардың емін-еркін жүруі баяулаған. Жаңбыр жауса, мәселе одан әрі ушығатын көрінеді. Батпаққа батқан тұрғындар бүгінде әкімдіктен көмек сұрап отыр. Мәселе қалай шешілмек?