17.02.2026 17:03
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Қостанай ауданына қарасты Айсары ауылында «Шабыт» мәдени орталығы ашылды

  • 31 декабря, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 4

Қостанай ауданына қарасты Айсары ауылында «Шабыт» мәдени орталығы ашылды. 30 жылдай қаңырап бос тұрған екі қабатты ғимарат биыл толық қайта қалыпқа келітіріліп, жаңа жыл қарсаңында ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. Мұнда ән-күй үйірмелерімен қатар, кітапхана, би орталығы және ұлттық спортты дамытуға арналған күрес залы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жаңа ғимаратта ауыл тұрғындары бас қосып, қоғамдық жиналыстар мен мәдени іс-шаралар өткізе алады.