27.09.2026 11:55
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанай қаласының Уральская көшесі тұрғындары дабыл қағып, көмек сұрауда

  • 13 января, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 19

Балаларымызды сабаққа жіберуге қорқамыз. Қостанай қаласының Уральская көшесі тұрғындары дабыл қағып, көмек сұрауда. Бар мәселе жол қауіпсіздігінде болып отыр. Күн шықпай балаларын білім беру мекемелеріне жіберетін ата аналар, ұл-қыздарымыз аман есен жолдан өтіп, мектепке жетсе екен деп уайымдайды. Себебі, көше бойы орналасқан жол белгілері жүргізушілердің жылдамдық сақтауын қадағаламайды екен. Тұрғындар әкімдіктен жасанды жол кедергісін сұратып әлек.