Қостанай қаласының түзетіліп жатқан бас жоспарында медициналық нысандар салуға арналған резервтік аумақтар белгіленуде
Қостанай қаласының түзетіліп жатқан бас жоспарында медициналық нысандар салуға арналған резервтік аумақтар белгіленуде. Қала әкімінің айтуынша, мұндай аумақтарға, мысалы, Амангелді тұрғын алабындағы шамамен 20 гектар жер және Победа көшесінің бойындағы аумақ кіреді. Ал қалалық ауруханада екі бөлімшені жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, 2028 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.



