Қостанай қаласының тұрғыны алаяқтарға 13 жарым миллион теңгеден астам қаржы аударған
Қостанай қаласының тұрғыны алаяқтарға 13 жарым миллион теңгеден астам қаржы аударған.
Қаскөйлер бастапқыда өздерін домофон компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, SMS арқылы келген кодты алдап алған. Осыдан кейін әйелді қорқытып, ақшасын өз есепшоттарына аударуға мәжбүрлеген. Қостанай полицейлерінің мәліметінше, интернет-алаяқтық деректерінің саны азайғанымен, жыл басынан бері қала аумағында қырыққа жуық факті тіркелген. Соның салдарынан жәбірленушілер 60 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылған.



