Қостанай қаласының әкімі шаһарды тазалаумен айналысатын мердігерлердің жұмысын аяусыз сынады
«Қыстың ортасында келісімшартты бұзамыз!» — Қостанай қаласының әкімі шаһарды санитарлық тазалаумен айналысатын мердігерлердің жұмысын аяусыз сынады. Мереке қарсаңында облыс орталығында бір айлық қар мөлшері түскен. Алайда, қала әкімінің айтуынша, жауапты мекемелер табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шыққан. Қардың уақытылы шығарылмауынан басты көшелер тарылып, көлік қозғалысына қауіп төнген.



