Қостанай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді ретке келтіру жұмыстары жалғасуда
Қостанай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Жөндеу ең алдымен орталық және магистральды көшелердегі нысандарды қамтиды. Бұл жұмыстар бірнеше жылдан бері бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп келеді. Биылғы тізімге Әл-Фараби даңғылы мен Абай көшесі бойындағы, сондай-ақ Майлин, Тәуелсіздік, Баймағамбетов көшелеріндегі көпқабатты үйлер енгізілген. Ал Гоголь көшесі бұл бағдарламаға алғаш рет қосылып отыр. Жөндеу жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдар анықталған. Олар іске шамамен наурыз айында, күн райы қолайлы болған кезде кіріседі.





