Қостанай қаласында биыл 35 жаңа аялдама пайда болады
Қостанай қаласында биыл 35 жаңа аялдама пайда болады. Қазір аялдамаларды орнату жұмыстары қызу жүргізіліп келеді. Айта кетейік, мердігер жұмыс кестесінен біраз қалып отыр. Жоспар бойынша, барлық аялдамалар 1-ші қыркүйек күні дайын болуы керек еді. Дегенмен, мердігер ауа-райының жаңбырлы болуына байланысты кешігулер пайда болғанын айтады. Жаңа аялдамалар халық игілігіне қашан беріледі?