29.10.2025 09:31
Қазақ Қазақ
USD 535.83
EUR 624.94
RUB 6.69
Жаңалықтар

Қостанай қаласында бейімдеу және детоксикация орталығында орын алған жайт сотта қарала басталды

  • 29 октября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Соқыға жығып бір бүйрегінен айырған. Қостанай қаласында бейімдеу және детоксикация орталығында орын алған жайт сотта қарала басталды. Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні арнайы орталыққа масаң күйде келіп түскен 61 жастағы ер адамды палатада темекі шеккені үшін екі санитар маман ұрып соққан. Басынан және бел тұсынан алған жарақаттары салдарынан жәбірленушінің оң жақ бүйрегі алынып тасталды. Қазіргі уақытта қос санитарға «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысында тараптардың уәждері тыңдалды.