14.03.2026 12:05
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанай қаласында атышулы сот ісі өз жалғасын тапты

  • 22 мая, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанай қаласында атышулы сот ісі өз жалғасын тапты. Көмекке келген жедел жәрдем станциясының фельдшерін ұрып-соққан апалы-сіңілі Джабраиловалар алқа-билер шешіміне шағым түсірді. Айта кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алып, қалың жұртшылықтың назарын аударған болатын. Сол кезде оларды қалалық №2 сот, қызметтік міндетін атқарып жүрген адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот жәбірленушінің азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырған болатын. Дәл осы шешімге сотталушылар апелляциялық шағым түсіріп отыр.