14.03.2026 15:41
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанай қаласында алғаш рет бауырсақ пісіруден облыстық фестиваль өтті

  • 19 марта, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 9

«Бауырсақ Fest 2025». Қостанай қаласында алғаш рет бауырсақ пісіруден облыстық фестиваль өтті. Наурыз мейрамына орайластырылған іс-шараға өңірдің 9 колледжі қатысып, аспаздық өнерлерін көрсетті. Дайындалған туындыларды төрешілер 3 негізгі бағдарлама бойынша бағалады: «Ши бауырсақ», «Авторлық» және «Классикалық ақ бауырсақ».