Қостанай қаласында қайта өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Қостанай қаласында қайта өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Жақын арада облыс орталығында картон-қағаз өнімдерін өндіретін зауыт толық қуатымен іске қосылады. Бүгін кәсіпорында тестілік режимде жұмыс жүргізіліп, бірінші қаптамаларды шығару және өндірістің жұмыс желісі реттелуде. Жаңа кәсіпорын қалада екі жүз жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.



