Қостанай қаласын қардан тазалауға биыл 282 бірлік техника жұмылдырылады
Қостанай қаласын қардан тазалауға биыл 282 бірлік техника жұмылдырылады. Қаһарлы қыс жақындаған сайын жауапты мердігер компаниялардың дайындығы ширай түсті. Дәстүрге сай, Қостанай қаласы бес аймаққа бөлінбек. Әр бөлікте өз қызмет көрсету компаниясы жұмыс істейді. Қазір мердігер ұйымдар жолдарға себілетін реагенттер мен инертті материалдарды әзірлеу үстінде. Бүгінде 7,5 мыңнан аса тонна құм-тұз қоспасы дайындалған.