Қостанай қаласы “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл” акциясына қосылды
Қостанай қаласы “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл” акциясына қосылды. ІІМ-нің бастамасын жергілікті полиция, прокуратура, әкімдік және әйелдер альянсы қолдап, бірлескен шараларды бастап кетті. Акция аясында олар қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық себетін жинауды қолға алған. Шара енді ғана басталғанымен, алғашқы көмек ақырындап жеткізіліп жатыр. Қазірдің өзінде қатысушылар мұқтаж жандарға жылы киімдер, балаларға ойыншықтар мен қажетті заттар дайындаған.



