Орман және ауыл шаруашылығы алқаптарындағы өрттердің алдын алу мәселелері ерекше бақылауға алынды
Қостанай облысында орман және ауыл шаруашылығы алқаптарындағы өрттердің алдын алу мәселелері ерекше бақылауға алынды. Бұл тақырып облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте жан-жақты қаралды. Мамандардың айтуынша, биылғы өрт қауіпті кезең күрделі өтуі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы өртке байланысты тіркелген құқық бұзушылықтар саны өткен жылдармен салыстырғанда шамамен екі есеге артқан. Осыған байланысты, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар тыйымдар енгізуді ұсынып отыр.



