Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қостанай облысының спортшыларымен кездесті
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қостанай облысының спортшыларымен кездесті. Аты аңызға айналған боксшы жас спортшылар мен «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлеріне шеберлік сабағын өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Ол шеберліктің қыр-сырын көрсетіп, үлкен жеңістерге апарар жол тек таланттан емес, күнделікті үздіксіз еңбектен басталатынын түсіндірді.




