Облысымызда 11 мыңнан астам азамат соттан тыс банкрот деп танылуға өтініш берген
Облысымызда 11 мыңнан астам азамат соттан тыс банкрот деп танылуға өтініш берген. Оның, екі мыңға жуығы берешегі барлар қатарына еніп, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды. Қарыз қамытынан құтылам дейтіндердің саны жыл санап артып келеді. Себебі, банкрот деп тану рәсімі жеңілдеп жатыр. Қаржы министрлігінің осындай жаңа бұйрығы 8 мамырда күшіне енді.



