Облыста көкөніс жинау науқаны жалғасып жатыр
Облыста көкөніс жинау науқаны жалғасып жатыр. Қазір диқандар қыс пен көктемге жететін көкөністі жинай бастады. Ал Қостанай ауданына қарасты шаруа қожалығы биыл әлеуметтік азық-түлік қатарына кіретін көкөніс түрлерінен бөлек, аймақтың климатына жат қызыл жуа, брокколи, шалқан, брюссель орамжапырағын өсіріп, мол өнім алып жатыр. Биыл тіпті Пекин орамжапырағын қысқы сақтауға қоймақ.