Облыста қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, чиптеу, ұрықсыздандыру және қайта жіберу үшін 125 миллион теңге бөлінген
Облыста қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, чиптеу, ұрықсыздандыру және қайта жіберу үшін 125 миллион теңге бөлінген. Бұл процедуралар орындалғаннан кейін жануарлар бұрынғы мекеніне қайта жіберіледі. Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы облыста шамамен 1700 ит пен мысық өз аумағына қайта оралған. Бұл – жануарларға қатысты ең гумандық тәсіл. Алайда осы іспен айналысатын мамандар бұл жұмысқа қосымша қаржы қажет екенін айтады. Себебі ит пен мысығын көшеге қаңғыртып жіберетіндердің қатары күннен-күнге артып отыр. Оның үстіне, адамдарды ит қапқан жағдайлар да жиілеп кеткен.