Облыс тұрғындары өздерінің туған уақыты туралы нақты мәлімет сұрап, перзентханаларға өтініш жолдауда
Қостанайлықтардың нумерологияға әуестігі салдарынан дәрігерлер босанатын әйелдерге көмек көрсетудің орнына архивтерді ақтаруға мәжбүр болып отыр. Облыс тұрғындары өздерінің туған уақыты туралы нақты мәлімет сұрап, перзентханаларға жаппай өтініш жолдауда. Бұл үрдіс Қазақстанда нумеролог бастаған жаңа трендтің бір көрінісі болып отыр. Соңғы екі апта ішінде «E-Otinish» жүйесі арқылы екі жүзден астам өтініш келіп түскен.



