Облыс орталығында 57 көпқабатты тұрғын үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өтуде
Облыс орталығында 57 көпқабатты тұрғын үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өтуде. Кей үйлердің қасбеті жаңартылып, балкондары әйнектелсе, ал кейбір үйлердің шатыры ауыстырылуда. Бүгінде құрылыс жұмыстары 60 пайыз ғана орындалған. Мердігерлер жұмыс кестесінен кешігуде, бірақ барлық шаруаны бір айдың ішінде аяқтауға уәде беріп отыр.