Облыс қазынасына 100 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды
Облыс қазынасына 100 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Жітіқара ауданына су желілерін тартам деп бюджеттен қыруар қаражат алған мердігер сол күйі міндетін орындамаған. Ал жергілікті әкімдік кәсіпкердің әрекетіне дәрменсіздік танытып, ақшаны жылдар бойы өндіре алмай келген. Алынған қаражат тек прокуратура өкелдерінің араласуымен қайтарылды. Енді бюджетке залал келтіруге жол берген мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылмақ.



