«Музей түні» акциясы Лисаков қаласында он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді
Лисаков қаласында өткен «Музей түні» акциясы Қостанайлық суретші Юрий Матюшконың шығармашылығына арналды. Қонақтарды оның ерекше туындылары қойылған көрме қарсы алды. Онда портреттер, пейзаждар және қиял-ғажайып бейнелер үйлесім тапқан. Музей қызметкерлері суретшінің шығармашылығы терең мағынаға, ішкі қозғалыс пен философиялық мазмұнға толы екенін атап өтті. «Музей түні» акциясы Лисаков қаласында он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Әр жылы ұйымдастырушылар келушілерді жаңа форматтармен және тың көрмелермен таң қалдыруға тырысады.



