Мирас мәдениет сарайының сахнасы мен шатырын толық жаңарту үшін 630 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады
Мирас мәдениет сарайының сахнасы мен шатырын толық жаңарту үшін 630 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады. Өнер ордасындағы кешенді жөндеу жұмыстары бүгінде басталып кеткен. Жоспарға сәйкес, ғимараттың темір шатыры толық алынып, орнына жаңа жабын төселеді. Ал басты көрермендер залында биыл сахналық жарықтандыру мен ішкі электр желілері жаңартылса, алдағы екі жылда сахна шымылдықтарының бағыттаушы жолдары, едені және басқа да қажетті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.



